Қазақстандық әскери қызметші гір тасын көтеруден әлем чемпионатында алтын алды

Ілияс Бақыт

Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қырғызстанда гір тасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы  бақ сынады.

Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ал екінші орынға Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді.

Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші "алтыны" екенін айта кеткен жөн.