Ұшаққа найзағай тиіп, 14 рейстің уақыты өзгерді

Әлихан Асқақ

SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағына найзағай тиді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

ашық дереккөзден

Компания таратқан мәліметке сәйкес, демалыс күндері қатты найзағайдан Boeing 737 ұшағына зақым келген. Қазіргі кезде оны кестеден шығарған. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, мамандар ұшақты тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты әуе компаниясы осы аптада 14 рейстің уақытын өзгертуге мәжбүр. Жолаушыларды рейс уақытын алдын ала нақтылап, sms-хабарламалар арқылы тексеріп отыруды сұраймыз. Бұдан бөлек, scat.kz сайты мен қосымшасында рейстің мәртебесін біліп отыруға болады, - дейді компания мамандары.