Әлемдегі үздік университеттердің қатарына 4 қазақстандық ЖОО енді

Ілияс Бақыт

Әлемдік үздік университеттердің World University Rankings 2024 рейтингіне 108 елден 190 университет кірген, олардың ішінде 4 қазақстандық университет қана бар,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

ашық дереккөзден

Төрт оқу орнының ішіндегі жоғарғы орынға ие болғаны— Nazarbayev University (NU). NU 501–600 орындағы университеттердің қатарын кірген. Сөйтіп,  NU әлемдегі үздік жоғарғы оқу оқу орындарының 30%-ына енген.  

NU-дан басқа жоғары бағаланған университеттердің қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  (1201–1500 орындар), Л. Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (екеуі де 1500+ орында) бар.

2024 жылы NU-ға 2409 мемлекеттік грант бөлінді

NU сонымен қатар Азияның 739 оқу орнының арасында 129-орында және жаңа ашылған университеттер арасында 673-тен 106-орында екенін атап өткен жөн. Қазақстанның ешбір ЖОО бұндай көрсеткішке қол жеткіздбегенін ескерсек, бұл айтарлықтай көрсеткіш.

2024 жылы NU-ға 2409 мемлекеттік грант бөлінді.  Бұл оқу орнына болашағынан үлкен үміт күттіретін дарынды студенттер түседі. Ақылы бағдарламалар да бар. Сонымен, NU-дағы оқу құны  6 -16 мың АҚШ долларын құрайды,  әлеуметтік әлсіз топтағы  халық үшін 3-4 мың АҚШ доллары болады.

Айта кетерлігі, әлемдік үздік университтерде оқу ақысы әлдеқайда қымбат. Әлемдік университеттердің оқу құны туралы мына жерден оқып білуге болады

Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарында оқу құны NU –мен салыстарғанда арзанырақ. Мысалы, Л. Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ-да бакалавриат 2,39 мың АҚШ долларынан басталады.

Әлемдік рейтингте орын алған NU және басқа да ЖОО-лар Қазақстанның жоғары білім саласының сапасын осындай көрсеткішке жеткізу керек екенін көрсетеді.