"Сенген қойым сен болсаң..." 8 айда 95 полицей сотталған

Әлихан Асқақ

Биылғы қаңтар-шілде аралығында сот үкімімен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 95 полицей кінәлі деп табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

ашық дереккөзден

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, айыптау үкімінің 80%-ы ҚР ҚК-нің «Пара алу» (47 адам) және «Алаяқтық» (27 адам) бойынша шығарылған.
Сәйкесінше, сотталған полиция қызметкерлерінің әрекеттері басқаша жіктелген жағдайлар өте сирек:
•    пара беру – 7 адам;
•    парақорлыққа делдал болу – 5 адам;
•    құзыреттілікті асыра пайдалану – 4 адам;
•    қызметтегі әрекетсіздік – 3 адам;
•    өкілеттікті асыра пайдалану – 2 адам.
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық істері бойынша барлығы 557 адам, оның ішінде полицейлер де сотталған. Олардың 182-сі бас бостандығынан айырылып (50% жағдайда бес жылдан аспайтын мерзімге), 247-сі айыппұл төлеуге міндеттелді (жалпы сомасы 3,4 млрд теңге), – делінген хабарламада.
Айта кетсек, сот үкімі бойынша сотталғандардың 56-сы немесе жалпы санының 10%-ы жазаға тартылмаған.
Сондай-ақ, жеті ай ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталғандарды тек екі рет ақтаған, екеуінде де полиция қызметкерлеріне қатысты болған.