Елімізде бала туу жасы заңмен бекітілуі мүмкін

Әлихан Асқақ

Қазақстанда бала туу жасы заңмен бекітілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

ашық дереккөзден

31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасының мәліметінше, 15 пен 49 жас аралығы қыз-келіншектер «репродуктивті жаста» болып саналады. Сондай-ақ бұл ұғым Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды. Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен.

Мәселен, жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды.

Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.