Ақтөбе облысының Хромтау ауданына қарасты Дөң ауылында 10 жасар қыз көлікте тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Мой город» порталының жазуынша, аулада ВАЗ көлігі өздігінен өртенген. Қайғылы оқиға көрші үйдегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
«Көліктің салонында 10 жасар қыз болған. Ол қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің себептері анықталып жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.