Аптасына екі рет ұшады: Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер туралы

Ілияс Бақыт

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейсті 2025 жылдың соңында ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ulysmedia

Канадаға сапары барысында көлік министрі Марат Қарабаев АҚШ федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) басшылығымен кездесті.

«Кездесу барысында тараптар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашуға бар күш-жігерін салуға келісті және ұшақтарды уақытылы жеткізу мен слот алу мәселелерін талқылады. Осылайша, 2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланды. Рейстер кем дегенде аптасына 2 рет орындалады деп көзделген», - делінген хабаламада.

26-30 тамыз аралығында Астана қаласында FAA сарапшылары Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын іске қосуға қажетті 1 (CAT1) санатын алу үшін ұшу қауіпсіздігін алдын ала бағалау (IASA) бойынша жұмысты бастады.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Канада арасында да тікелей әуе рейсін ашу жоспарланып отырғаны белгілі болды.