Өзбек боксшылары бір автобус болып келіп, сәлем беріп кетті – Бекзат Саттархановтың анасы

Сырым Қаржас

Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова қазақ боксшыларына өкпесін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Сырлыкүл Саттарханова бұл өкпесін журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтқан.

– Шыныңызды айтыңызшы, кейінгі кезде қай Олимпиада чемпионы сізге келіп кетті, – деп сұрайды журналист Нұрсейіт Жылқышыбай.

Бұған жауап берген Сырлыгүл Саттарханова Олимпиаданың алдында өзбек боксшылары келіп кеткенін айтады.

– Үйіме келді. Бір Икарус автобусымен келді. Жыл да келеді. Биыл да келіп кетті. Биыл мен өз бала-шағамды көрмеппін. Мен боксшыларды бала-шағам деймін. Бахтиярр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін, – дейді анасы.

Өзбек боксшылары Париж Олимпиадасында бес алтын медаль әкелген. Қазақ боксшылары бір күміс медальмен елге оралды.