Паралимпиада-2024: қазақстандықтар екі спорт түрінен сайысқа түседі

Ілияс Бақыт

30 тамызда (жұма) 2 спортшы жарыс алаңына шығады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Пара таеквондо (Камила Досмалова– 57 кг – К44) және пара жеңіл атлетика (Салтанат Әбілқасымқызы – 100 м жүгіру) бойынша 2 медаль жиынтығы ойналады.

Пара таеквондо жеребесі бойынша Камила Досмалова 1/4 финалда параойындар жеңімпаздарына қарсы шығады Джульетта Мойпо (Кения) - Мария Мицев (Сербия).

Пара жеңіл атлетикада Салтанат Әбілқасымқызы (100 метрге жүгіру) өнер көрсетеді.

Айта кетейік, биыл Париж олимпиадасын спортшыларымыз жалпыкомандалық есепте 43-орынмен аяқтады.