Жарылғыш заттар өндірісінде жарылыс болды

Әлихан Асқақ

Германияда қорғаныс кәсіпорнының аумағында жарылыс болды, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дереккөз

Bild газетінің жазуына қарағанда, Тройсдорф қаласында (Солтүстік Рейн-Вестфалия) жергілікті уақыт бойынша сағат 9:32-де өндірістік апат туралы хабарланған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнында зардап шеккен екі жұмысшыны тапты. Қалғандары өз бетімен ғимараттан шығып үлгерген. Жаралылар тікұшақпен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс жарылғыш заттар шығаруға маманданған Diehl Defence кәсіпорнының аумағында болған.

Оқиға салдарынан ғимарат айтарлықтай зардап шекті және біздің төтенше жағдайлар қызметкерлері ғимаратқа кіре алмады, - деді өрт сөндіру бөлімінің басшысы.

Тергеу әлі күнге дейін бұл өндірістік апат болды деген нұсқаны ұстануда.

Еске салайық, 29 шілдеде Германиядағы BASF химиялық зауытында жарылыс болып, 14 адам зардап шеккен болатын.