Тәуелсіздік күніне орай 522 адамға рақымшылық жасалды

Ulysmedia

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Жазасын өтеп жатқан, істеген ісіне өкінетін және өмірін өзгертуге бет алған адамдар тобына рақымшылық жасау» туралы жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Sputnik / Максим Блинов

«UzA» ақпарат агенттігінде жарияланған президент жарлығына сай, 522 адамға рақымшылық жасалды. Олардың ішінде 159 сотталған негізгі жазасын өтеуден толық босатылса, 303 адамның шартты жазасы күшін жояды. Сонымен қоса, 60 адамның жазасы жеңілдейді.

Рақымшылық жасалғандардың қатарында шет мемлекеттердің 19 азаматы, 56 әйел, 60 жастан асқан 25 ер адам, 233 жас (оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған), сондай-ақ тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 27 адам бар.