206 мың доллар жымқырған әйелге халықаралық іздеу жарияланды

Ulysmedia

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын басқарған әйелге халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы.

Ол 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Thefiniko қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.

Батыршина азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Thefinikо компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып саналмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

Іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат берген адамға сыйақы мен анонимдікке кепіл беріледі.