Үрімжі тауында мың адам қара жорға биледі

Сырым Қаржас

Бұл туралы осы аптада қытайлық «Harajorga» әлеуметтік желісінде хабарланды. Аталған БАҚ-тың мәліметінше, бұл жолы өтетін екі күндік шараның мазмұны бай болғандықтан көрермендерді қызықтырмай қоймайды.

Harajorga

Атап айтқанда «Наньшань фирмасындағы жылқы музыка фестивалі» өткізілетін күні түстен бұрын алаңнан жылқы, сыйыр, қой, түйелерден құралған таңғы шоумен басталады. Одан кейін әртүрлі ат өнері, қыз қуу сияқты ұлттық ат спорты ойындары өтеді. Ал түстен кейін, ақындар айтысымен жалғасын тауып, ары қарай мың адамдық қара жорға биі биленеді. Сондай-ақ Шыңжаңның іші-сыртына белгілі әншілер, оркестрлер көпшілікке 40-тан астам ән, күй ұсынады.

«1 қыркүйек күні, Үрімжі ауданында өткізілетін 2024 жылғы «Тяньшаннан туған жарық ай» атты мәдени туризм тақырыбына арналған іс-шараларда күрес, ат байгесі сияқты спорттық ойындармен қатар қыз қуу, теңге ілу, көкпар, сондай-ақ, ақындар айтысы, ұлттық қолөнер бұйымдары мен ауыл шаруашылық өнімдер жәрмеңкесі болады», - деп жазды Қазақпарат.