5 алтын, 3 күміс..: Өзбекстан Паралимпиадада алғашқы ондыққа кірді

Ілияс Бақыт

Өзбекстан өзінің спорттық көрсеткіштерімен тағы да таң қалдырады және бүгінде Паралимпиада ойындарының медальдық есебінде жетінші орында тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Өзбекстан ҰОК

28 тамызда Парижде Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған паралимпиадалық жарыстар басталды.

Қазақстан және Өзбекстан

Қазақстанның қоржынында әзірге Мерген Еркін Ғаббасов әкелген бір күміс медаль бар. Паралимпиадада елімізді 9 спорт түрінен 44 спортшы ұсынады.

Өзбекстан Олимпиададағыдай тағы да Орталық Азияның барлық елдері арасында ерекшеленді. Бүгінде көрші республика медальдық есепте жетінші орында тұр.

Қазіргі уақытта Өзбекстан делегациясының қоржынында 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Өзбекстан Парижге 113 спортшы жіберді.

Өзбекстан һәм Олимпиада

Естеріңізге сала кетейік, Париж олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстанда 43 орында қалса, Өзбекстан сегіз алтын медальмен 13-ші орынға шықты.