Дәл қазір қажеті жоқ – СҚО әкімі Петропавлдың атауын өзгерту жайлы

Аян Өрібай

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту керек пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Журналистер Үкіметке келген әкімнен осы мәселеге байланысты пікірін біліп, егер жергілікті тұрғындар Петропавлдың атын өзгертуді қолдайтын болса, не деп жауап беретінін сұрады.

– Бұрын айтқан пікірім өзгерген жоқ. Қазір қала атауын өзгертетін уақыт емес. Адамдар да ол сөзіме қалыпты реакция білдірді. Адамдардан басқа ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ, - деді шенеунік.

МӘСЕЛЕНІ КІМДЕР КӨТЕРДІ?

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бүгінгі күнге дейін орысша атаулы қалаларды қазақ тіліне ауыстыру идеясын қолдайтынын айтқан еді. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты Петропавлдың атын өзгерту мәселесін көтерген.

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КІМ?

Ғауез Нұрмұхамбетов 2023 жылы қыркүйек айында өңірге әкім болып тағайындалды. Нұрмұхамбетов 1968 жылы Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген. Қызмет жолы негізінен Қостанай обысында өрбіді. 2015 жылдан 2023 жылға дейін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2023 жылдың 25 қантарда Парламент Сенатының Депутаты болып сайланды. Тоғыз айдан кейін әкім болып кетті.