«Қоразға ұқсап киінгім келмейді»: Дариға Бадықова өзінің дене бітіміне қатысты сұрақтарға жауап берді

Қалижан Бектемір

Танымал актриса Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында дене бітіміне тиісіп, өзін сынайтындарды орнына қойды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Менде бәрі талғаммен...»

Жаңа дәуірдің балалары болған соң, олардың түсінігі бөлек. Маған «2 миллиард жинаған актрисасың ғой, ерніңді, көзіңді, қасыңды жасатпайсың ба?» деп жиі айтады. Енді бойжеткен қыз болғаннан кейін олардың өмір сүру әдісіне сыйластықпен қарау керек. Бірақ мен өзім өзгеруге қорқады екенмін. Мұрын жасатуға 3 ай кетеді екен. «Актрисалардың ішіндегі былай жүретін адамсың ғой» дейді маған. Менің былай жүрмей-ақ көзге түсіп қала беретін әдетім бар. Сондықтан ойбай мен көрінуім керек деп тырыспаймын да, қысылмаймын да. Бір жерге баратын болсам да қоразға ұқсап киінгім келмейді. Менде бәрі талғаммен, – деп жауап берді актриса.

«Менсінбеймін, болды»

Ол бұған дейін өзінің арзан дүниелерді менсінбейтінін, тек қымбат дүние алатынын айтқан еді.

Менің табиғатым элегантностты қалайды. Көзге көрініп тұратын киім, арзан шаш үлгісі, әшекей етіп тағатын сырға дегендерді қаламайды екен. Жан дүнием арзан нәрселерді менсінбеді. «Менсінбеймін, болды» деді. Бұл – менің менсінбейтін табиғатым. Психологтар, қайдасыздар? – деген еді Дариға Бадықова.