Доп ұсынған қызды менсінбеген теннисші Путинцева АҚШ-та сынға қалды

Сырым Қаржас

Қазақстандық теннисші-легоинер Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирде доп ұсынған қызды менсінбей, сынға қалды. Оған деген наразылығын көрермен ысқырық арқылы білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Әлеуметтік желіге тараған видеода теннисшінің доп әкелетін бол-герлді менсінбей, үш рет лақтырған добын қабылдамай қойғанын көруге болады. Қазақстандық көрермендер оның бұл әрекетін өткір сынап, желіге жазып жатыр. 

Юлия Путинцева Париж Олимпиадасына қатыспаған еді. Ұлттық Олимпиада комитеті оның Парижге ұшып келіп, белсенді түрде жаттыға бастағанын, алайда украиналық Марта Костюкпен болатын матч алдындағы дайындықты тізесін ауыртып алғанын хабарлаған. Медициналық тексеруден өткен соң турнирден бас тарту туралы шешім қабылданған.