Павлодарда жүкті әйелді өлтірмек болған жасөспірімге үкім шықты

Сырым Қаржас

Жүкті әйелді өлтіруге оқталғаны және тыйым салынған затты сақтағаны үшін жасөспірім 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: pixabay.com

Павлодар соты кәмелетке толмаған бала психотроптық заттың баламасын сақтап, жүкті әйелдің өміріне қастандық жасаған.

Сот 

Іс кәмелетке толмағандарға қатысты болғандықтан, сот жабық өтті.

Прокурор жасөспірімді кінәлі деп тануды және 9 жыл 5 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Жәбірленуші жүкті қыз. Сондай-ақ оның ісі бойынша өкілдері мемлекеттік айыптаушыны толығымен қолдап, максималды жаза тағайындауды сұрады. Ол сондай-ақ 15 млн теңге сомасында моральдық зиянды өтеуді талап кетті.

Сотталушы психотроптық заттарды сақтағанын толық мойындады, бірақ қастандық жасамақ болды деген айыппен келіспеді, өзін ақтауды сұрады. Ол сондай-ақ моральдық өтемақы талабымен келіспейтінін мәлімдеді.

Шешім

Іс бойынша жеңілдететін мән-жайларды (кінәні ішінара мойындау, соттылықтың болмауы, кәмелетке толмаған жас, оң мінездеме) және есірткіге мас күйінде қылмыс жасауды ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, сот жазаны түпкілікті ішінара қосу жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жасөспірімді 9 жыл 5 бас бостандығынан айырды.

Моральдық зиянның өтемақысы ретінде сотталушы 7 млн теңге төлейтін болды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.