«Нағыз ұстаз деп осы кісіні айт»: оқушылармен билеген директор желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Сырым Қаржас

Алматыдағы 209-шы мектептің директоры оқушылармен бірге билеп, жұртты сүйсіндірді. Оның видеосы әлеуметтік желіде көп қолдауға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Оқушылардың оқу жылының басталуына орай өткізілген іс-шарада билеген директор – Алматыдағы 209 мектепте еңбек ететін Болат Мыңбаев атты азамат болып шықты. Оның мектепте 15 жылдық тәжірибесі бар. Өзі Махамбет Өтеміс атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі.

Әлеуметтік желіде директорды бәрі мақтап, жазып жатыр.

– Нағыз ұстаз деп осы кісіні айт!

– Директор нағыз өз орнында отыр!

– Бұл кісі менің мұғалімім болған. Керемет ақкөңіл әрі мейірімді адам.

– Балаларға деген құрметі сезіліп тұр, – деп жазады жазылушылар.

Айта кетейік, биыл елде бірінші сыныпқа 352 мың бала барды.