«Автобус жоқ»: Шымкентте оқушылар мектепке қатынай алмай жүр

Қалижан Бектемір

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Тұран ықшам ауданында  шамамен 30 шақты мектеп оқушысының аялдамада автобус күтіп тұрған видеосы тарап жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқушылар мектепке қатына алмай жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Оқи отырыңыз: Шымкент әкімі жиналыс үстінде ұстатып жіберген шенеунікке үкім шықты

Құрметті әкім мырзалар! Міне, көріп отырсыздарқандай жағдай болып жатқанын. Мұғалімдер де, оқышулар да сабаққа кешігеді. Автобус жоқ! Осы мәселені шешіп беретін адам бар ма, жоқ па?

Әне, кейбір оқушылар жаяу кетіп бара жатыр. Не деген масқара?! Не деген бассыздық?! Ең құрығанда екі автобус бөлуге бола ма? Таңертең және кешке. Сіздерден өтініш! Міне, көшеде жол-көлік оқиғалары болып жатыр. Жарық өшіп қалған, - дейді тұрғындар.

Еске салсақ, биыл Қазақстанда 4 миллионға жуық бала мектепке барды.