Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Прокуратура не дейді
Алматы облыстық прокуратураның мәлімдеуінше, Іле ауданындағы қоқыс полигонын тексеру кезінде әкім сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген.
Алматы облыстық прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Іле ауданында орналасқан полигонның қызметін тексерді. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 3 қыркүйекте әкім Қарасаев қамауға алынды, – деп мәлім етті Алматы облыстық прокуратурасы.
Қандай айып тағылды
Оған “кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан” және “мемлекеттік мүдделерге зиян келтіретіндей қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланған" деген айып тағылды.
4 қыркүйекте прокуратура қылмыстық істің материалдарын қарап, бұлтартпау шарасын санкциялауға сотқа жіберді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысы Іле ауданының әкімі ұсталғанын жазған болатынбыз.