Президент Жолдауында айтылған міндеттер өңірлерде кеңінен талқыланып жатыр. Осы аптада «Әділет» партиясының Құрылтайдағы фракция депутаттары елдімекендерді аралап, тұрғындармен кездесуде. Басқосуларда инфрақұрылымды жаңарту, өндірісті дамыту және кәсіпкерлікке қатысты өзгерістер туралы сөз болды.
Депутаттар жоғары оқу орындарына, ауруханаларға, өндіріс орындарына және ауылдарға барып, еңбек ұжымдарымен, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Кездесулерде Президент Жолдауындағы бастамалар түсіндіріліп, халықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалуда. ASTANA TV арнасындағы «Әділеттің 111+ шешімі» жобасының бесінші шығарылымы осы кездесулер туралы болады.
Бұл жолы түсірілім тобы Саран мен Теміртау қалаларына барды. Мұнда «Әділет» партиясының депутаттары Үнзила Шапақ, Айсұлу Сүлейменова және Александр Данилов ірі өндіріс орындарының жұмысшыларымен кездесті.
Басқосуларда Азаматтық кодекске енгізілетін өзгерістер, өнеркәсіпті дамыту және инфрақұрылымды жаңарту мәселелері айтылды. Президент Жолдауында қойылған міндеттер өңірлердің дамуына, кәсіпорындардың жұмысына және қарапайым халықтың тұрмысына қалай әсер ететіні де талқыланды.
Кездесулерде сондай-ақ, жұмысшылар мен жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, депутаттарға ұсыныстарын тікелей жеткізді.
Тұрғындар қандай мәселелер көтерді? Депутаттар еңбек ұжымдарымен не туралы сөйлесті? Қандай ұсыныстар айтылды?
Бұл сұрақтардың жауабын «Әділеттің 111+ шешімі» жобасының жаңа шығарылымынан көре аласыздар.