«Бірге ішімдік ішкен»: Шымкентте зейнеткер әйеліне пышақпен шабуылдады

Қалижан Бектемір

Шымкентте мас зейнеткер азаматтық некедегі әйеліне пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Рixabay.com

Бірге ішімдік ішкен

Бірге отырып ішімдік ішкен зейнеткер мен оның әйелінің арасында жанжал туады. Мас күйде қария пышақ алып, азаматтық некедегі әйеліне шабуыл жасаған.

ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін зейнеткерге айып тағылды.

Сот үкімі

Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескерген, бұл әрекетке шын жүректен өкіну және оның зейнеткерлік жасы, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын іс бойынша мән-жайлардың жоқтығы ескерілді. Ер адам кінәлі деп танылып, үш жылға сотталды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оған мәжбүрлі ем тағайындалды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.