700 млн теңге жымқырған: Шымкентте әкім аппаратының экс-басшысына үкім шықты

Сырым Қаржас

2018 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған Бақыт Мелдебековке үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Жоғарғы сотта 2019 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы ретінде Мелдебеков өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, ЖШС директорымен және бір құрылтайшымен бірге алдын ала сөз байласып, әкімдіктің 700 млн теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырғаны хабарланған.

Олар тұрғын үй аулаларын абаттандыруға арналған материалдардың (қоқыс жәшіктері, шағын орындықтар, тербелетін орындықтар, ойын және спорт кешендері) қымбат тұратын сметалық құжаттаманы әзірлеу арқылы ақша жымқырған. 

ЖШС директоры мен құрылтайшысы өз кезегінде салық төлеуден жалтарып, декларацияға бұрмаланған деректерді жазып, сол арқылы мемлекетке 194 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген.

Бұдан басқа, ЖШС директоры 130 млн теңгеден астам сомада банк кепілдігін жасау үшін банктің фирмалық бланкісін қолдан жасаған. Бұған салық төлемес үшін барған.

Сот 

Прокурор сотталушыларға 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушылар кінәні мойындамай, өзін ақтауды сұраған.

Сот жеңілдететін жағдайларды – жас балалардың болуын ескере отырып, әрқайсысына 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мелдебековке мемлекеттік қызметте қызмет етуге өмір бойы тыйым салынды.

ЖШС директоры ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды, осы бөліктегі қылмыстық іс тоқтатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Шымкенттегі әкімдік қызметкерінің 700 млн теңгені жымқырды деп күдіктенгені туралы 2023 жылғы 20 қыркүйекте белгілі болған.