Astana Finance Days сессиясы барысында Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов 35 жасқа дейінгі клиенттер неліктен 7-2-0-25 ипотекалық бағдарламасына қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
NPL 90+ ЖАСТАР АРАСЫНДА ӨСІП БАРАДЫ
Қазір жастар несие мен түрлі бөліп төлеу қызметтеріне ерте бастан жүгінеді. 18 жасында олар жұмыс істей бастайды, содан тауарларды бөліп төлеу қызметтерін рәсімдейді.
"18 жастан 23 жасқа дейінгі жас санатында NPL 90+ динамикасы(төленбегеніне 90 күн өтіп кеткен кредит) жыл сайын қарқынды өсіп келеді. Неліктен бұлай болады? Банктер кредит берер алдында төлем қабілетін ресми кіріс немесе шоттағы қалдыққа қарап есептейді. Шартты түрде, егер 18 жастағы жігіттің немесе қыздың қандай да бір жұмысы болса және бірнеше транзакция алса, онда олар белгілі бір тауарды бөліп-бөліп немесе несиеге ала алады. Шын мәнінде, жастар мұны қалыпты жағдай деп түсінеді, әркез осылай болады деп ойлайды", – деп атап өтті Айдос Жұмағұлов.
Қазақстанда халықтың тек 34% - деп ғана депозит бар. Қалған бөлігі жұмысынан айырылған жағдайда несие төлей алмайды. Сонымен қатар, елде қолма-қол ақшасыз айналымның пайызы өте жоғары – 89%. Еуропада халықтың 65%-ында депозиттер бар, ал қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі 74%-ға жетеді
ЖАСТАР НЕГЕ ИПОТЕКА АЛА АЛМАЙДЫ
Айдос Жұмағұлов 25 жасқа дейін, 4%-бен автокредит алғысы келгенде немесе 30 жасқа дейін, ипотека алуға тырысқанда, проблема туындайтынын атап өтті. Өйткені, бір адам басындағы қарыз жүктемесі тым көп.
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасының белсенді операторларымыз. Бірақ, 35 жасқа дейінгі клиенттердің 87% -нан бас тартамыз, өйткені олар ерте жаста тұтынушылық несие алған. 56% -ның несие тарихы нашар, 31%-ының төлем қабілеті жеткіліксіз. Бұл бір жағынан қаржылық сауаттылық төмен екенін де білдіреді", - деді ол.
БАНКРОТ ЖАЙЛЫ
Бұған дейін Кірістер комитеті 2023 жылдың 3 наурызынан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша өтініштер қабылданып жатқанын айтты. Осылайша, 15 018 қазақстандыққа "банкрот" мәртебесі беріліп, олардың берешегі есептен шығарылды. 108 862 өтініштің 83 828-і қанағаттандырылмады, 1879 өтінішті азаматтардың өздері кері қайтарып алды, бүгінгі күні 8137 өтініш қаралуда.