Екеуара хатты желіге жариялаған Перуашевті сотқа беру керек - заңгер

Сырым Қаржас

"Ақжол" партиясының төрағасы Азат Перуашовтың үстінен ҚР ҚК 211 бабымен қылмыстық іс қозғау керек, деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.

ulysmedia

«Құзырлы органдар тергеп -тексеру жүргізбей жатып, өз қызмет бабын пайдаланып, тіпті парламенттің ішінде қызметтік тексеру жүргізбей, екеуара хат алмасуды әлеуметтік желіге салып жариялағаны үшін!

Азат Перушов қоғамның назарын басқа ақпаратпен бұрмақшы болды деген ойдамын, себебі белгілі, күні кеше Перуашовтың орынбасары Дмитрий Василиев үлкен шенеунікке пара берген деген күдікке ілінген! Біз Перуашовқа сенің орынбасарың үлкен шенеунікке неге пара беріп жүр, деп сұрақ қоюуымыз керек!», - дейді ол.

Сондай ақ, ол Ақжол партиясының мүшелеріне төрағаларын ауыстыратын уақыт келгенін айтады.

Еске салсақ, өткен аптада Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демпартиясының ұсынымы бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырған болатын. 

Оқи отырыңыз: Парламенттен әйелге қырындағаны үшін кеткен депутат танымал әншінің әкесі болып шықты

Кейін "Ақжол" партиясының төрағасы Азат Перуашев партияласы Асқар Садықовтың Парламенттен кету себебі жөнінде әлеуметтік желіге жазба қалдырды.

– Партиямыздың атына А.Садықовқа қатысты бірқатар шағымдар түсті, онда айтылған жәйттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылды. Шағымдардың дені оның теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық нормаларды бұзуына байланысты болды. Шағымдардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке фактілер келтіруге болатын болса да, бір ғана мысалды атап өту жеткілікті деп ойлаймын, – деді ол.

Асқар Садықов әлеуметтік желіге видео жариялап, өзіне қатысты айыптауларды өтірік деп атады.

...Бұл мәселе Мәжілістің тәртіптік кеңесінде талқыланған жоқ. Сіздің мәлімдемеңізді оқып таңғалып отырмын. Бірақ сіздің бұған дейінгі жалған мәлімдемелеріңіз БАҚ-тың есіне түседі деп ойлаймын. Азат Перуашев осы ақпарат арқылы өзінің орынбасары, Ұлттық ұлан генералы жемқор деген ақпаратты жасырып қалғысы келген болар. Менің ойымша, Азат Перуашев, сіз мақсатыңызға жеттіңіз, - дейді Садықов. 

Асқар Садықов туралы не белгілі

Асқар Садықов кәсіби қызметін 1992 жылы Орынбор монтаж зауытының СМУ-1 трестінде монтажшы ретінде бастаған. Мансабы "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-де жұмыс істеген мұнай-газ секторында өсті. Содан кейін мансабы көтеріліп, "Әсел-Қазақстан" ЖШС байқау кеңесінің төрағасы болды және "Атамекен одағы" ұлттық экономикалық палатасын басқарды.

Саяси мансап

Садықов саяси аренаға 2013 жылы "Ақ жол" фракциясының мүшесі болып, партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарған кезде кірді. Партия қатарында 10 жылдан бері жүр. 2014 жылдан 2023 жылға дейін өз сайлаушыларының мүддесін білдіретін Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып үш рет сайланған.

Несімен есте қалды

2023 жылы наурызда Асқар Садықов VIII шақырылым Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. Ол өз рөлін әртүрлі тақырыптар бойынша депутаттық сауалдарды айтып, белсенді көрінген. Ең көп талқыланғандардың бірі – оның Air Astana ұлттық авиатасымалдаушысына қатысты сауалы. Садықов авиакомпанияны Қазақстанның экономикалық мүдделеріне қайшы деп санап, Ирландияда ұшақтарды тіркегені үшін сынға алды. Ол сондай-ақ FlyArystan-ды жеке компания ретінде бөліп, екі авиакомпанияны да Қазақстанның салық юрисдикциясына қайтаруды талап етті.

Сондай-ақ депутат лауазымында ол "Ескі Қазақстан" өкілдерінің елдегі алкоголь өндірісін "жауып жатқанын" айтқаны бар.