АҚШ Президенті Джо Байденнің ұлы 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Хантер Байден барлық тоғыз салық қылмысы бойынша кінәсін мойындаған. Лос-Анджелестегі аудандық судья Марк Скарси оның өтінішін қабылдады. Үкім 16 желтоқсанға белгіленген. Бұл айыптармен Хантер 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
АҚШ президенті Джо Байден өз ұлының ешбір ісі бойынша кешірім жасамайтынын және «сот процесіне құрметпен қарайтынын» бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Хантер Байден қару-жарақ сатып алу кезінде өтірік айтты деген күдікке ілінген.