Ақсуда 7 жасар ұлды зорлаған: Экс-депутат жәбірленушінің туысы болып шықты

Қалижан Бектемір

Бала зорлады деген күдікке ілінген AMANAT партиясы филиалының бұрынғы басшысы жәбірленуші баланың туысы екені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Фото: gov.kz

Оқиға депутаттың үйінде болған

Бұл туралы Жетісу облыстық Білім басқармасы мәлімдеді.

Бала зорлады деген күдікке ілінген AMANAT партиясының мүшесі Серікқан Жақыповтың ісіне қатысты мәліметтер белгілі болды. Оқиға 15 тамызда депутаттың үйінде болған. Ер адам жәбірленушінің туысы (әйелінің әпкесінің ұлы) болып шықты, – делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Полицияға сорақы оқиғаны жәбір көрген 7 жасар баланың анасы хабарлаған. Білім басқармасының мәліметінше, жыныстық зорлық-зомбылық әрекеті Серікхан Жақыповтың Жансүгіров ауылындағы үйінде болған.

Экс-депутаттың кәмелетке толмаған өзінің үш баласы бар

Экс-депутаттың өзінің кәмелетке толмаған 3 баласы бар.

Қазір жәбірленуші баланың оқу үлгерімі жақсы. Ол сурет салуды және футбол ойнағанды жақсы көреді. Мектеп психологы психокоррекциялық жұмыстарды жүргізді, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында педофил ұсталғанын жазған болатынбыз.

Партияның хабары

БАҚ ұсталған күдікті Аманат партиясының Ақсу аудандық филиалының басшысы Серікқан Жақыпов екенін жазды. Ulysmedia.kz порталы партияның баспасөз қызметіне хабарласқан.

Биыл тамызда Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы филиалдарының ешбір қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ және қандай да бір қылмыстық іс бойынша күдікті саналмайды. Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы С. Жақыповқа келетін болсақ, ол осы жылы 1 тамызда өтініш беріп, өз еркімен жұмыстан босады, – деп хабарлайды  «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Партия құқық қорғау органдарына осы оқиға бойынша тиісті сұрау салатынын хабарлаған.