Әскердегі қайғылы жағдай: Маңғыстауда бір сарбаз қаза тапты

Сырым Қаржас

Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында бір сарбазға байқаусызда оқ тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.

Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оның өмірін арашалау мүмкін болмаған. 17:40 шамасында ер адам көз жұмды.

Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.