Президент болсам жемқордың бәрін түрмеге отырғызамын – Трамп

Сырым Қаржас

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп алдағы сайлауда жеңіске жетіп, президент болып жатса елдегі алаяқтар мен жемқорлардың бірін қалдырмай соттататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

AP Photo / Alex Brandon

Бұл туралы Американың бұрынғы президенті өзінің Х-тегі парақшасында жариялады.

Ол өзінің жазбасында көптеген сенімді заңгерлері мен құқықтанушы ғалымдармен бірге биылғы сайлау науқанының барысын, тұтастығын жіті бақылап отырғанын айтқан.

“Өйткені мен 2020 жылғы президенттік сайлауда демократтар жасаған алаяқтық туралы бәрінен де жақсы білемін. Бұл біздің ұлт үшін өте ұят нәрсе! Сондықтан дауыстар енді ғана санала бастаған 2024 жылғы сайлау мұқият кәсіби бақылаудан өтеді және мен жеңіске жетіп жатсам, алдағы уақытта заңсыздықтар қайталанбас үшін алаяқтық жасаған адамдар заңның барлық қатаңдығымен жауапқа тартылады. Оның ішінде ұзақ жылғы түрме жазасына кесіледі”, деді Трамп Х-тегі парақшасында.

Осылай деген Д.Трамп АҚШ-та мұндай сұмдықтарға жол берілмейтінін екертті.

“Бұл жауапқа тарту заңгерлерге, саяси қызметкерлерге, донорларға, заңсыз сайлаушыларға және сыбайлас жемқорлыққа жол берген сайлау комиссияларының лауазымды тұлғаларына қатысты екенін біле жүріңіздер. Арамза әрекетке барғандар табылып, қолға түсіріліп, өкініштісі, елімізде бұрын-соңды болмаған деңгейде жауапқа тартылады”, деді экс-президент Трамп.

Еске сала кетсек, елдегі президент сайлауы 5 қарашада өтеді. Демократиялық партиянының намысын қазіргі америкалық көшбасшысы Джо Байден қорғайды деп болжанған. Бірақ ол бірқатар себептерге байланысты 21 шілде күні жарыстан бас тарту туралы шешім қабылдады және Харристің жоғары мемлекеттік лауазым жолындағы кандидатурасын қолдады.

 

CEASE & DESIST: I, together with many Attorneys and Legal Scholars, am watching the Sanctity of the 2024 Presidential Election very closely because I know, better than most, the rampant Cheating and Skullduggery that has taken place by the Democrats in the 2020 Presidential…

— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) September 8, 2024