Садыр Жапаров шенеуніктердің жалақысын көтеруге тыйым салды

Қалижан Бектемір

Қырғызстан Президенті мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге мораторий енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: kabar.kg

24.kg жазуынша, тиісті құжат үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланған.

Тыйым 2026 жылға дейін енгізілген. Бұл шешім мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында қабылданған.

Мемлекеттік ведомство, комитеттер, Президенттің өңірлердегі уәкілетті өкілдіктері, сондай-ақ жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге тыйым салынып отыр.

Оқи отырыңыз: «Қолдауымыз керек»: қырғыз депутаты Украинамен соғыста Ресейге көмектесуді ұсынды

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың штат санын кеңейтуге де рұқсат жоқ. 

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, сондай-ақ штат құрылымын өзгерту ерекше жағдайларда мемлекет басшысының жеке шешімімен мүмкін болады. 

Мораторий қызметін Президент пен Министрлер кабинеті шешімдерінің орындалуын бақылау бөлімі қадағалауы тиіс.