«Қалыңмалды қайтар»: Астанада күйеуі әйелін сотқа берді

Сырым Қаржас

Астанада күйеуі үйлену тойын өткізу кезінде достары мен туыстары жұбайына 5 млн теңге және 1 млн теңге тұратын гауһарлы әшекейлер (сырға мен сақина) мен неке жүзігін бергенін айтқан. Ол осы мүліктер мен ақша қайта бөлінуі керек деп шағымданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

Іс Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Күйеуі әйелінің бұл ақша мен зергерлік бұйымдарды заңсыз иемденді деп уәж келтірген. Жауапкер талапты мойындамаған.

– Сот іс материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдап, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Себебі, істі қарау барысында сыйға берілген 5 млн теңгені алу фактісі құжатпен расталмаған, сондай-ақ аталған қаражатты жауапкердің иемденіп алғаны дәлелденбеді. Зергерлік бұйымдарға келетін болсақ, ол қалыңдыққа некеге дейін берілген, сондықтан бұл оның жеке меншігі, сол себепті ол бөлісуге жатпайды, – делінген сот хабарламасында.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 35-бабына сәйкес:

  • ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некеге (ерлі-зайыптылыққа) дейін тиесілі мүлік;
  • ерлі-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) кезеңінде сыйға тарту тәртібімен немесе өзге де өтеусіз мәмілелер бойынша алған мүлкі ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке меншіг.