Алматыда уақытша тергеу изоляторының бастығы ұсталды

Сырым Қаржас

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, қазір іс бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Freepik

Қазнетте мекеменің керек-жарағы үшін өтірік тасымал жасады деген күдікпен Алматыда түрме бастығы Мұратжан Кәкімжановтың ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Ulysmedia порталына оның ұсталғанын растап, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

– Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады. ІІМ ҚАЖК өз қатарында құқыққа қайшы әрекеттердің кез келген көріністеріне төзбеу бойынша өзінің принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге атсалысады, - делінген хабарламада.

Кәкімжановтың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және уақытша оқшаулағышқа азық-түлік, кеңсе тауарлары және тағы басқа қажеттіліктеріне тауарлар мен қызметтерді жеткізу бойынша қаражат бөлгені үшін күдікті, деп жазады CMN.kz.