Әлемдік нарықта мұнай бағасы құлдырады

Ғалиасқар Думан

Әлемдік сауда-саттықта бағалы маркалы мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Лондон ICE биржасында Brent мұнай фьючерстерінің құны Астана уақыты бойынша сағат 19:30-дағы жағдай бойынша барреліне 69,700 долларды құрап, 2,979 пайызға төмендеді.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 3,1 пайызға төмендеп, барреліне 66,580 долларға жетті.

Еске салайық: 5 қыркүйекте Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 72 долларға дейін төмендеді. Сарапшылардың пікірінше, бағаның төмендеуі Ливиядағы саяси қақтығысты шешумен, мұнай экспортының тоқтап қалуымен және өндірістің төмендеуімен байланысты. Сонымен қатар, баға ұсыныстарына Қытай экономикасының өсуіне және доллардың нығаюына қатысты алаңдаушылық әсер етеді.