Түркі елдерінің ортақ әліпбиі бекітілді

Қалижан Бектемір

Түркі елдерінің ортақ әліпбиі бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: TRT HABER

Түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясы 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиін бекіту туралы шешім қабылдаған. 

Бас кеңсесі Астанада орналасқан Халықаралық Түркі академиясы 9-11 қыркүйекте Әзербайжан астанасы Бакуде Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының 3-отырысы өткенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Латын әліпбиіне көшу неліктен кешіктіріліп жатқаны белгілі болды

Отырыстың басты мақсаты – осы салада жиналған ақпараттар мен комиссияның 2 жылдық жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, түркі тілдеріне ортақ әліпби жобасы бойынша жұмысты пысықтау болды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі туралы ұсыныс бойынша келісімге қол жеткізілді, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, түркі елдерінің ортақ әліпби жасау идеясын Түркия Президенті Ердоған ұсынған еді

Тағы оқыңыз: Ортақ әліпби: Түркі әлемінің ертеңгі ісі ме, әлде ертегісі ме