Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Санкцияға түскен банктер қайта келе алмайды. Ресейде банктер көп. Егер олар санкцияда жоқ болса, олар келе алады. Бірақ біздің заң талаптарына сай болса, ашыла алады. Бірақ ол талаптар өте қатаң, – дейді Шолпанқұлов.
Қазақстан нарығында жұмыс істеген Сбер банк, АТФ және ВТБ банктері санкцияға ұшырағаннан кейін елдегі филиалдарын жапқан болатын. Ол банктер Қазақстанға Visa және MasterCard төлем жүйелерінің карталары арқылы аударым жасауды тоқтатқан.