Астанада өтіп жатқан бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс медаль алған қырғыз көкпаршыларының жетекшісі Ерлан Әбдіғаппаров жарыс қорытындысымен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Әділетсіз болатынын білгенбіз. Бірақ мұншалықты деңгейде қазақтың тақымына бастырып, ысқырып, қазақтың көкпаршыларына 4 салым салдырып, осындай әділетсіздік болады деп ойлаған емеспіз, - дейді Қырғызстан спортшысы.
Ол Қазақстанның күн құрылымдары тарапынан қысым көргенін айтады.
– Бір үш те бір есебімен ұтып жатқанда жеке аттар шыққанда біздің бала артқа қараған кезде құлаққа бастырып, ысқырық беріп, төрт жолы салым салдырды, – дейді ол.
Еске салайық, бүгін көкпардан финал өтті. Онда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.
Еске сала кетейік, порталда ҚР Жаппай көкпар федерациясы туралы жазған еді. 2022 жылы құрылған федерация биылға дейін бейресми жұмыс істеп келген. Бұл федерация Ұлттық спорт қауымдастығына кірмейді. Федерация президенті Ғани Дирмановтың Instagram парақшасына 520 мыңға жуық адам жазылған. Дирмановтың қылмысты болғаны туралы да деректер келтірілген.