Аудиторлар ҚазМұнайГаз бен Бәйтерек компаниясын тексере бастады

Қалижан Бектемір

Жоғарғы аудиторлық палата "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ активтерін пайдалану тиімділігіне тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: www.accountingweb.com

Жоғары аудиторлық палата "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ және оның жекелеген еншілес ұйымдарының активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізуді бастады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ және оның еншілес ұйымдарына, атап айтқанда:

  • "Қазақстан Даму Банкі" АҚ;
  • "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ;
  • "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ;
  • "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-да қарызды басқару тиімділігіне аудит басталды.

Еске салсақ, бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Қазақстанның төрт облысына бөлінетін бюджетті, сондай-ақ әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерген болатын.

Сондай-ақ Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайлов Мемлекет басшысына биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндаған еді. Тексеру жұмыстары Назарбаев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін, сот жүйесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы, өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтитынын айтқан.