Скриптонит жыл соңына дейін концерт бермейтін болды

Сырым Қаржас

Скриптонит сахналық лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов сырқатына байланысты жыл соңына дейін барлық кездесулерінен бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Өнер иесі концерттерден бас тарту туралы шешімін әлеуметтік желі арқылы жария етті. Орындаушы дауыс желбезегі сырқатымен ауыратынын айтты.

ДӘЙЕКСӨЗ

«Табиғи дауыстағы орындаулардың жоғары деңгейде болуына жауапты болғандықтан, мен емдеудің бірінші курсын аяқтадым, бірақ жақында Қазақстанда болған концерттен кейін, толық қалпына келмей өнер көрсетудің мүлдем ақылға қонымсыз екені белгілі болды және дәрігерлер оңалтудың толық емдеу курсын талап етіп отыр», - деп жазды ол.

Скриптонит жаңартылған концерттің күнтізбесі жуық арада жарияланатынын жеткізді. Тыңдаушыларына түсіністікпен қарағаны үшін алғысын білдірді.