Назарбаев даңғылында 4 қабатты кеңсе отқа оранды (ВИДЕО)

Ulysmedia

Алматыда тапа тал түсте адамдар отырған ғимарттан өрт шықты

Фото: Расул Рысмамбетов

Бүгін күндіз сағат үштер шамасында Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы 124 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы дабыл келіп түскен. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдай Департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«17 қыркүйек күні 15 сағат:09 минутта Алматы қ. ТЖД Медеу ауданы, Назарбаев даңғылы 124 мекенжайы бойынша шақыртуға шықты , 15 сағат:12минутта  4 қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған»,- делінген хабарламада.