Сайлау науқанында президенттікке үміткер Дональд Трамппен күресіп келе жатқан Республикалық партияның жақтастары Демократиялық партияның үміткері Камала Харристің сайлауалды науқанына 35 миллион доллардан астам қаражат жинады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Newsweek журналы хабарлады.
Наурызда “Республикашыл сайлаушылар Трампқа қарсы” деп аталатын топ демократтардың Ақ үйде қалуына көмектесу үшін қаражат жинай бастағаны белгілі болған еді.
Топ Харристің президенттік науқаны үшін 50 миллион доллар жинауды жоспарлап отыр. Өткен сайлау науқаны кезінде сол топ демократтарды қолдау үшін шамамен 10 миллион доллар жинаған.