Маймыл шешегі: ДДСҰ қауіпті вируске қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

Сырым Қаржас

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемді дүрліктірген маймыл шешегіне қарсы қолданылатын алғашқы вакцинаны мақұлдады, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Getty Images

Данияда жасалған вакцинаны бір ай арақашықтығымен екі рет ексе, тиімділігі 82% болады деп бағаланып отыр.

"Бұл препарат Африкада маймыл шешегінің таралуын тежеуге көмектесетін дәрілердің ресми тізіміне енді", – деп жазды ұйым.

"Шешекке қарсы алғашқы вакцина осы аурумен күрестегі маңызды қадам болып саналады", – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус.

Данияда жасалған вакцинаны бір ай арақашықтығымен екі рет ексе, тиімділігі 82% болады деп бағаланып отыр.