Қытай Украинадағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолын атады

Сырым Қаржас

Қытай Қорғаныс министрі келіссөздер Украина мен Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Олардың айтуынша «қарсыласу еш нәтиже бермейді».

Қытай қорғаныс министрі Дун Цзюнь Сингапурдағы жыл сайынғы Шангри-Ла кездесуіне Қытайдың жауабы деп саналатын Бейжіңдегі Сяньшань форумында тиісті мәлімдеме жасады. Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, форум үш күн бойына 90-нан астам ел мен ұйымнан 500-ден астам қатысушының басын қоспақ.

Осы жиында Қытай тарапы әлемдік геосаяси ахуалға қатысты көзқарасын білдірді.

“Украинадағы дағдарыс және Израиль-Палестина қақтығысы сияқты қызу мәселелерді шешудің жалғыз жолы – бейбітшілік пен келіссөздерге жәрдемдесу”, деді Қытайдың қорғаныс министрі.

Ол соғыстардың ешқайсысында жеңімпаздар болмағанын және «қарсыласу еш жақсылыққа апармайды» деп қосты.

«Қақтығыс неғұрлым күрделене түскен сайын, біз диалог пен консультациядан бас тарта алмаймыз. Кез келген шиеленістің соңы бейбіт қол алысумен бітеді», дейді Донг Джун.

Қорғаныс министрі сондай-ақ әлем көшбасшыларын «бейбіт дамуға» ықпал етуге шақырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Владимир Зеленский мен Си Цзиньпин биылғы қазан айында кездесуі мүмкін деген ақпарат тараған. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынастың жіби түскенін көрсетеді.