Астанада берілген үш бөлмелі пәтерді кімге бересіз – Елдос Сметовке тосын сұрақ қойылды

Сырым Қаржас

Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов өзіне сыйлыққа берілген Астанадағы 3 бөлмелі пәтерді кімге беретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан Елдос Сметовтен пәтер жайлы сұрап, оны әлеуметтік желіде жариялады.

Журналистің “Жаңа сыйлықтарыңыз бар ма?” деген сұрағына “Астанада үш бөлмелі пәтер берілді. Одан кейін әлі алған жоқпыз. Құдай қаласа болады” деді Олимпиада чемпионы. 

Сондай-ақ ол жаңа пәтерді әлі ешкімге сыйламағанын айтып өтті.

Еске сала кетсек, кеше Елдос Сметовке белгілі бизнесмен Жұмабек Жанықұлов тағы бір көлік сыйлағанын жазғанбыз