"Енді жасырудың қажеті жоқ". Баян Мақсатқызы баланы кімнен «көтергенін» айтты

Әлихан Асқақ

Белгілі продюсер жақындарының басын қосып, өнердегі әріптестерін шақырды. Қонақтарының арасында танымал ЭКҰ дәрігер, репродуктолог Салтанат Байқошқарова да болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 
 

ашық дееккөз

Қымбатты менің қонақтарым, қош келдіңіздер! Қыздарым да осы жерде екен. Ең қадірлі қонақ Салтанат Байқошқарова, қош келдіңіз. Енді жасырудың қажеті жоқ. Біздің сүйікті таңғажайып дәрігеріміз. Салтанат Берденқызы, қазір төрде отырасыз, – деді Баян Мақсатқызы.

Дәрігер де сәбилерге тілек білдіріп, ата-ана атанған өнер өкіліне алғыс айтты. 

Мені төрге шығарыпты. Ыңғайсызданып та отырмын. Гүлжамал ханым отыруы керек еді. Бірақ отбасылық кеңес менің отыруымды шешіпті. Керемет қуанышқа толы күн. Алиса – болашақ шоу-бизнес жұлдызы. Алма әкесінен аумай қалған. Болашақта зауыт директоры болады, – деді дәрігер. 

Естеріңізде болса, белгелі продюсер жақында екі қыз дүниеге әкелген болатын. Араға оншақты күн салып дүниеге келген егіздер онсыз да шуға толы шоу-бизнесті одан әрі дүрліктірген болатын.