Путин Ресей армиясын 2,4 млн адамға ұлғайту туралы жарлық шығарды

Сырым Қаржас

Ресей президенті "Ресей федерациясы қарулы күштерінің штат санын белгілеу туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

ПУТИННІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Путиннің жарлығына сәйкес, Ресей қарулы күштерінің штат саны 2 389 130 бірлік болып, оның ішінде 1 500 000-і әскери қызметші ретінде белгіленген. Ресей үкіметіне осы бағытта федералды бюджеттен қаражат бөлу міндеті жүктелген. Жарлық 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

УКРАИНАҒА ҚАРСЫ СОҒЫС

Ресей 2022 жылы 23 ақпаннан 24 ақпанға қараған түні “арнайы әскери операция” деп Украинаға басып кірген еді. Екі ел арасындағы соғыс әлі де жүріп жатыр. Украина биылғы тамызда Ресейдің Курск облысына басып кіріп, майдан шебінде позицияларын нығайтқан. БҰҰ, Amnesty International және Human Rights Watch халықаралық ұйымдары Ресей әскерінің Украинаның тұрғын аудандарына, ауруханаларына және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына зымыранмен соққы жасағанын қатты айыптайды. Батыс елдері соғыс бастағалы Ресейге қарсы тарихта болмаған санкцияларды салған.