«Зейнетақы қорынан хабарласып тұрмын...»  Алаяққа алданбаңыз

Ілияс Бақыт

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

НЕ ЖАҒДАЙ?

БЖЗҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, алаяқтар жаңа сценарийлерді ойлап табуда.

"3 қыркүйекте БЖЗҚ филиалдарының біріне жергілікті ұйымның бухгалтері хабарласып өзіне "қор қызметкерінің" қоңырау шалғанын айтады. Ол транзиттік шоттардың бұғатталғанына байланысты компания қызметкерінің зейнетақы шотына тосқауыл қойылғанын мәлімдеген. Бұғаттауды алып тастау үшін бухгалтерден "сот орындаушысымен" байланысуды сұраған. Ал “сот орындаушысы” болса өз кезегінде, бухгалтерге қарыз сомасын өзі көрсеткен шотқа салуды ұсынған. Әйтпесе, компанияға зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін айыппұл салынатынын айтқан. Осы жағдайды түсініп, БЖЗҚ филиалының қызметкерлері бухгалтерге ақша жібермеуге кеңес берді", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Қордың қауіпсіздік департаменті  ұялы телефон нөмірлерін тексерген. Ашық дереккөздерден бұл нөмірлер белгілі бір "И.Ю." - ге тіркелгені және алаяқтық деп белгіленгені анықталды.

НЕНІ ЕСТЕ ҰСТАУ КЕРЕ?

Осы жағдайды ескере отырып, мессенджерлерге күдікті қоңыраулар, SMS және хабарламалар түскен жағдайда, БЖЗҚ мынаны есте ұстауды ұсынады:

  • зейнетақы жарналарын төлеудің толықтығы мен уақтылығын БЖЗҚ емес, салық органдары бақылайды;
  • қор қызметкерлері ешқашан қаражатты белгілі бір шоттарға аударуды талап етпейді, жеке және басқа деректерді сұрамайды.
  • Барлық сұрақтарға жауап алуға және ақпаратты БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтан да тексеруге болады. Мысалы: сайт арқылы enpf.kz және Қордың мобильді қосымшасы, Call-орталықтың нөмірі бойынша 1418, whatsарp арқылы нөмірі бойынша +7 777 000 1418, сондай-ақ БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде.