Google Play мен App Store Ресейдегі сайлау күні «Навальный» қосымшасын өшіріп тастады

Ulysmedia

Ресейде сайлау басталған күні Google Play мен App Store-дан «Навальный» қосымшасы өшіріп тасталды. Бұл туралы бүгін оппозиционердің жақтастары мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: GETTY IMAGES

Аталған қосымшада «Ақылды дауыс беру» ұсыныстары қолжетімді болған. Ал жақында Ресей билігі Google мен Apple-ға айыппұлмен және тіпті қылмыстық жауапкершілікпен қорқытқан болатын, дейді bbc.com.

Навальныйдың жақтасы Леонид Волковтың айтуынша, Google мен Apple қосымшаны Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 8-де өшірген. Ал оппозиционердің тағы бір жақтасы Иван Жданов қосымшаны өшірілуін «саяси цензураның ұят әрекеті» деп атады. Оның пікірінше, Ресей билігі және насихаттаушылары бұл шешімге «қатты қуанады».

17-19 қыркүйекте Ресейде сайлау өтіп жатыр, оның ішінде Госдума депутаттарының сайлауы да бар. «Навальный» қосымшасы Google Play мен App Store-дан Мәскеу уақыты бойынша сайлау учаскелері ашылған сәтте жоғалып кеткен.

Бір күн бұрын кешке оппозиционердің командасы «Навальный» қосымшасы дұрыс істемей тұрғанын және «Ақылды дауыс беру» телеграм-ботына DDoS-шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын. Бұған қоса бейсенбіге қараған түні бірқатар өңірде Google Docs сервисі бірнеше сағатқа бұғатталған. Навальныйдың командасы бұл сервисте «Ақылды дауыс беру» арқылы сайлауға түсетін кандидаттар тізімін жариялаған еді.