2024 жылғы 17 қыркүйекте мәжілісте Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин сән-салтанат салығын енгізетін жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырды. Құжатқа сәйкес, құны жоғары мүлік пен тауарлар үшін салық мөлшерлемесін көтеру жоспарлануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖОБАНЫҢ НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бұл қадам сәнді тауарларға салық жүктемесін арттыру стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған.
СӘН-САЛТАНАТ САЛЫҒЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Жаңа құжатта ұсынылған негізгі шаралар:
Сәнді тауарларға салық жүктемесін арттырудан басқа, кодекс жобасында ескі көлік құралдарына салықты азайту шаралары ұсынылған. 10 жылдан асқан автомобильдер үшін 0,7, ал 20 жылдан асқан автомобильдер үшін 0,5 болады. Сондай-ақ, вице-министр жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босататын норма көзделгенін атап өтті.