Шымкентте сабақ үстінде жедел-жәрдем алып кеткен 7 сынып оқушысы көз жұмды

Ulysmedia

Бұл туралы Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Оtyrar.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

Бала 19 қарашада дене шынықтыру сабағыннан өзін жайсыз сезінген. Ол оқыған мектеп директорының айтуынша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімді жеке кабинетке апарып, оның жағдайы туралы мектептің медицина қызметкеріне хабарлаған. Дәрігер қарап, жедел жәрдем шақырған. Баланың анасына оқиға туралы дереу хабар берілген.

«Жедел жәрдем баланы ауруханаға апарған. Бала жан сақтау бөліміне түскен. 20 қарашада анасына қоңырау шалғанда ол баласының қайтыс болғанын хабарлады», - делінген ақпарат көзінде.

Жанат Тәжиеваның айтуынша, «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернатының» 7 сынып оқушысы жансақтау бөлімінде «өткір жүрек-өкпе қызметінің жеткіліксіздігі» диагнозымен көз жұмған.